02:42, 18 Қаңтар 2019 | GMT +5
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Токиода жаттығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Жапонияның Токио қаласына халықаралық оқу-жаттығу жиындарына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Халықаралық оқу-жаттығу жиыны 17-28-қаңтар аралығында өткізіледі. Жыл сайын өтетін жаттығу жиынына біздің құрама сапында Ғ.Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Елдос Жұмақаанов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік, Дидар Хамзаа, Рустам Мұсаев, Ислам Бозбаев, Азиз Қалқаманұлы, Айбек Серікбаев, Әділхан Қозыбааев, Ерасыл Қажыбаев сынды дзюдошылар қатысады.