Дзюдодан ҚР чемпионаты: Екінші жарыс күнінің жеңімпаздары анықталды
Жарыстың екінші күнінде, 16 қарашада әйелдер арасында 57, 63, 70 келі, ерлер арасында 73, 81 келі салмақта жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде аталған салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
57 келі
1. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
2. Дана Әбдірова (Атырау облысы)
3. Балнұр Құрманбай (Алматы қаласы)
3. Рауза Нұрмұхамметова (Жамбыл облысы)
63 келі
1. Есмігүл Күюлова (Атырау облысы)
2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)
3. Зарина Сарипова (Абай облысы)
3. Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)
70 келі
1. Анастасия Маякова (Ақмола облысы)
2. Анастасия Морозова (Алматы қаласы)
3. Ажар Асхат (Абай облысы)
3. Перизат Жақыпбекова (Түркістан облысы)
73 келі
1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)
2. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)
3. Дархан Қойбағар (Жетісу облысы)
3. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)
81 келі
1. Мадияр Сембаев (ШҚО)
2. Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)
3. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)
3. Жалғас Қайролла (Абай облысы)
Енді бүгін, 17 қарашада әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары, ерлер арасында 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта балуандар татамиге шығады.
Бұдан бұрын алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары туралы жазған едік.
Фото: sports.kz