Дзюдодан Венгриядағы Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең, 11 қыркүйекте, Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталады.

Дзюдодан Венгриядағы Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Дүбірлі додада ел намысын 12 спортшы қорғайды. Алдын ала өтінімдегі балуандардың арасынан Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Ғалымжан Қырықбай және Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) жарысқа қатыспайтын болды. Төменде турнирге қатысатын спортшылардың соңғы тізімі берілген.

Ерлер:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов

100 келіге дейін: Асқар Біржанов

Әйелдер:

48 келіге дейін: Диана Бүркеева

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова

Еске салайық, бұған дейін дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Швейцария Лозанна қаласында өтетінін хабарлаған едік.