Дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына іріктеу өтті

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Семей қаласында ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық чемпионат өтті.
None
None

Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан мәлім етті.

Жарысқа республиканың барлық облыстарынан 1996-1997 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздардан құралған 17 команда, 610 спортшы қатысты. ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Әбіл Донбаев, дзюдо федерациясының вице-президенті Ержан Байжұманов, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Әли Хамкоев және спорт ардагерлері чемпионаттың құрметті қонақтары болды. Турнир тамыз айында АҚШ-та өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына және Қытайда өтетін Азия ойындарына іріктеу болып табылды. Осы сайыста топ жарғандар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына алынды.

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің хабарлауынша, сайыс нәтижелері бойынша Семей қаласының спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, өз салмақ дәрежелерінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Губанков Николай I орын, Темірғалиев Роллан III орын алды. Шығыс Қазақстан облысы жалпы командалық есепте II орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар