Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына баратын қазақстандық балуандар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Индонезия астанасы Джакарта қаласында 10-14 қыркүйек аралығында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Құрлықтық додаға еліміздің атынан ұлдарда Есенгелді Дармен (60 келі), Жеңісұлы Қайрат (60 келі), Болат Әли (66 келі), Ержанов Ерасыл (66 келі), Кенескан Ернар (73 келі), Салхан Сапарғали (81 келі), Раков Егор (90 келі), Нұртаза Ерасыл (100 келі), Сұлтан Бейбарыс (100 келіден жоғары) сынға түседі.
Ал қыздарда Құралбай Іңкәр (48 келі), Шұғаева Сара (52 келі), Шыңғысхан Гүлхан (52 келі), Каракенова Карина (57 келі), Асылханова Дамеля (63 келі), Бітімбай Шынар (70 келі), Ахметова Салтанат (78 келі), Бақытбек Көркем (78 келіден жоғары). Ерғали Томирис (78 келі) сынды балуандарға сенім артамыз.
Еске салсақ, бұдан бұрын Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль алды.
Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 кг) чемпион атанса, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг) күміс, Арман Мыса (50 кг), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) мен Ролан Қайырғали (66 кг) қола жүлдеге ие болған еді.