Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

у
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалдық бөлігіне дейін жетті. Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы әзірбайжандық Омар Раджаблимен белдесті.

Бұл бәсекеде Раджабли жеңіске жетті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайтынын жазған едік.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.