Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өте алмады.

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК

Жерлесіміз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Зелим Цкаевпен (Әзербайжан) белдесті. Нәтижесінде жергілікті балуан жеңіске жетті.

Ал Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы әзірбайжандық Омар Раджабли болмақ.

Айта кетейік, финал бүгін, 7 қазанда өтеді.

Еске салайық, мұның алдында Абылайхан Жұбаназар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.