Асқар Біржанов дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Асқар Біржанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті.
Қазақстандық балуан 100 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде ресейлік Владимир Досякпен белдесті.
Нәтижесінде Асқар Біржанов жеңіске жетіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұған дейін Әділжан Жаудинов финалдық кезеңге жолдама алған еді.