Е.Досаев: ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 42-орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді

ЭЫДҰ-дағы Еуразия апталығының ауқымында Қазақстанның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының жобалары бойынша дөңгелек үстел, сондай-ақ, Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін жөғарылату бойынша ЭЫДҰ бағдарламасының ауқымында басқарушы комитеттердің отырысы және жоғары деңгейдегі Саяси диалог сессиясы өткізілді.
«Тәуелсіздік жылдары ЭЫДҰ елдерімен тығыз ынтымақтастық Қазақстан экономикасына Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті ғаламдық индексіне сәйкес әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдер тізімінің 42-позициясына дейін көтерілуіне мүмкіндік берді», - деп атап өтті Е.Досаев.
Министрдің айтуынша, Елбасының Ұлт Жоспары - 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам ЭЫДҰ-ның күшті институттар құру, мемлекеттік аппараттың айқындылығын қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және индустрияландыру саласында барынша дамыған елдердің озық тәжірибесіне негізделген.
Қазақстан бәсекелестікке қабілетті еуразиялық бағдарламаның Орталықазиялық бастамасының 2008 жылы құрылған кезінен бастап маңызды әріптес болып келеді. Қазақстан ынтымақтастықтың 7 жылы ішінде өзінің қатысуы мәртебесін қатардағы әріптестен тең төраға дәрежесіне дейін көтерді.
ЭЫДҰ-дағы Еуразия аптасының мақсаты Еуразия мемлекеттері мен ЭЫДҰ қатысушы-елдері арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін жағдай жасау болып табылады.