Е.Досаев ЭЫДҰ-ның Даму орталығымен Қазақстан Республикасына кешенді елдік шолу жүргізу туралы келісімге қол қойды
ЭЫДҰ Даму орталығының Кешенді елдік шолу басқармасы басшысы Ян Рейландер бастаған делегациясы екіжақты және көпжақты кездесулер арқылы Қазақстан Республикасына кешенді елдік шолуды бастау мақсатында 2014 жылғы 8 және 12 желтоқсан аралығында Астана қаласында ЭЫДҰ Даму орталығы Кешенді елдік шолуды ЭЫДҰ тәжірибесін дамушы экономикалардың нақты жағдайларына арнайы қолданатын жаңа құрал ретінде әзірлеуде. Шолу нақты ұсыныстар мен жүйелі реформалар көмегімен саясат пен стратегия әзірлеуге арналған.
«Кешенді елдік шолу әрқайсысы 6 айға созылатын 3 фазаға бөлінген», - деп нақтылады Кешенді елдік шолу бөлімінің басшысы Ян Рейландер.
Ян Рейландердің айтуынша: «Бірінші фаза дамуды тежейтін негізгі тосқауылдар мен оларды жеке анықтайтын факторды айқындау мақсатында жүзеге асырылатын елдің ағымдағы жағдайын талдауға негізделген. Екінші фаза тұжырымдалған міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі жасалатын негізгі фаза ретінде анықталған. Шолудың соңғы кезеңі Үкіметтің стратегияларды әзірлеу мен ұсыныстарды жүзеге асыру аймағындағы жігерін қолдауға арналған».
ЭЫДҰ-ның Кешенді елдік шолуы қазіргі таңда Мьянмеде, Филлипиныда, Урургвай және Кот-д'Ивуарда жүргізілуде.
ЭЫДҰ даму орталығының делегациясы сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, зерттеу институттарының, қаржы саласының және бизнес қоғамдастықтың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. ЭЫДҰ сарапшыларын қызықтырған негізгі мәселелер экономика салаларына, мемлекеттік бюджетке, инвестицияларға, статистикалық деректерге, демографияға және еңбек нарығына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және инфрақұрылымға, қоршаған орта шарттарына және денсаулық жағдайына, білім беруге, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік байланысқа, көші-қонға байланысты мәселелер болды.
Одан басқа, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ негізінде «Қазақстан: көзқарас және тәуекелдер» бір күндік интерактивті семинары өтті, оның мақсаты - экономиканың өсуін тежейтін факторларды анықтау және оларды жою бойынша кеңестер алу, олар ЭЫДҰ-ның қорытынды есебінде көрініс табатын болады. Семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының, сондай-ақ зерттеу институттарының, қаржы секторының және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Соңғы бірнеше жылда Қазақстан ЭЫДҰ-мен өзара байланысын нығайтты. Атап айтқанда, Инвестициялық комитет, Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитет және Өнеркәсіп, инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі комитет сияқты ЭЫДҰ-ның комитеттерімен және органдарымен ынтымақтастықты кеңейтті. Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекеге қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасына, атап айтқанда осы бағдарламаның Орталық Азиялық бастамасының тең төрағасы ретінде және Бастыс Еуропа және Орталық Азия үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша торап, халықаралық іскерлік операцияларды өткізу кезінде парақорлықпен күрес бойынша ЭЫДҰ жұмыс тобының өңірлік бағдарламасы сияқты басқа да бағдарламаларға белсене қатысады.
Осылайша, Қазақстан елдік реформаларды қолдау құралы ретінде ынтымақтастықты пайдаланып ЭЫДҰ-мен өзара ықпалдастықты күшейтуге қызығушылық танытып отыр.