Е. Қазыханов ҚХР СІМ-нің басшысы Ян Цзечимен кездесті

БЕЙЖІҢ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде мемлекеттік «Дяоюйтай» резиденциясында ҚР сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ҚХР СІМ-нің басшысы Ян Цзечимен кездесті.
None
None

Қытайдың сыртқы саясат ведомствосы басшысы Қазақстанның өткен жылы Астанада ШЫҰ саммитін сәтті өткізгендігімен құттықтады.

 «Бүгінгі мәжілісте әріптестерімізбен бірге алдағы уақытқа жоспарланған бейжіңдік саммитке дайындықты лайықты өткізетінімізге сенімдімін», - деді Ян Цзечи.

ҚХР СІМ-нің басшысы екіжақты қарым-қатынасқа байланысты оның қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. «Екіжақты қарым-қатынас, халықаралық және өңірлік өлшемдер мәселесі туралы пікір алмасуға дайынмын», - деді ол.

Өз кезегінде Ержан Қазыханов қытай тарапын ШЫҰ-ға сәтті төрағалық етуімен құттықтады.

Жоғары деңгейдегі кездесудің жақсы қарқындылығы аталып өтілді, тек өткен жылы ғана біздің мемлекеттеріміздің басшылары бірнеше рет кездескен болатын. «Қарым-қатынастың қарқынды дамуының дәлелі ретінде мемлекеттеріміздің арасындағы сауда айналымы 25 млрд. долларға жеткендігін келтіруге болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар