Е. Қазыханов Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Бейжіңге келді

БЕЙЖІҢ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов Ашхабадтағы жұмыс сапарын аяқтап, бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Бейжіңге келді.
None
None

ҚХР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, жұма күні түске дейін мемлекеттік «Дяоюйтай» резиденциясында Ержан Қазыханов ҚХР СІМ-нің басшысы Ян Цзечимен кездеседі.

Кеше, 10 мамырда ҚХР-ғы ҚР елшісі Нұрлан Ермекбаев Қытайдың сыртқы істер министрімен жүздесті, олар ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Қазақстан сыртқы саясат ведомство басшысының алдағы сапарын, сонымен қатар аталмыш ұйым аясында ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Алқалы жиында ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша ҚХР СІМ-нің басшысы Ян Цзечи және ШЫҰ-ның бас хатшысы сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Күннің екінші жартысында Е. Қазыханов Бейжіңде ШЫҰ хатшылығының жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысады.

 Сонымен қатар ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао ШЫҰ мүше-елдері сыртқы істер министрлерімен және аталмыш ұйымда жұмыс істейтін органның өкілдерімен кездесу өткізеді.

 ШЫҰ 2001 жылы құрылған болатын, оның мүшелері - Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері.

Соңғы жаңалықтар