Е.Қазыханов Түрікмен Президентімен екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ахуалы мен келешегін талқылайды

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан мен Норвегия Корольдігінің қарым-қатынастарын тереңдету мәселесі талқыланады.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«9-10 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Түркіменстанға жұмыс сапары өтеді. Сапар барысында еліміздің сыртқы істер саяси мекемесі басшысының Түркіменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі таңдағы ахуалы мен келешегін жан-жақты талқыламақ.

Сонымен қатар11 мамырда Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы өтетіндігін айтқан А.Әбибуллаев: «Қазақстан делегациясын аталған отырысқа ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бастап барады. Отырыс аясында тараптар аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді ортаға салып, ұйымды дамыту болашағын және ШЫҰ кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ аталған ұйымның беделді халықаралық ұйымдармен байланысын кеңейту мәселесі бойынша пікір алмасу көзделіп отыр», -  деді ол.

Соңғы жаңалықтар