Е. Қазыхановтың пайымдауынша, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға жақын арада қол қойылуы мүмкін

Бұл жайында министр бүгін Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 30-отырысында айтты.
«Бакудегі Үшінші Каспий саммиті келіссөздер арқылы жақын арада реттеуге келмейтін қайшылықтар теңіз жағалауы елдері арасында жоқ екенін байқатты. Қазіргі кезде бірыңғай ұстанымды әзірлеу мүмкін екенін, сондай-ақ жақын арада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылуы айтарлықтай шынайы екендігін сеніммен айтуға болады»,-деп атап өтті министр.
Осы орайда ведомство басшысы теңіз жағалауы елдері арасында өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді әрі құқықтық мығым іргетасын қалау тұрғысындағы маңызды міндеті тұрғанын, оның ішінде басты элементтердің бірі - теңіз айдынының делимитациясы мәселесі екенін жеткізді.