«Е- Lerning» жобасымен 2020 жылға қарай мектептердің 90 пайызы қамтылады - Білім министрі

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат -«Е- Lerning» жобасымен 2020 жылға қарай мектептердің 90 пайызы қамтылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда білім сапасын бақылайтын тиісті өңірлік құрылымдар құрылып отыр. «Жалпы бүгінгі таңда дамыған елдерде білім сапасына мемлекет тарапынан бір орталықтан бақылау тетігі күшейтілген. Мұндай бақылауды министрлік аймақтық бөлімшелер арқылы жүзеге асырып келеді. Бұл тәжірибе Швецияда, Ұлыбританияда, Францияда, Жапонияда, Финляндияда және басқа да елдерде бар», - дейді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде «Е- Lerning» ілкі жобасы іске аса бастады. Оған қазірге дейін 537 ұйым қосылған.

«2020 жылы осы жобамен мектептің 90 пайызы қамтылатын болады», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар