Е.Сағадиев соңғы қоңырау құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты (ФОТО)

«Сіздер жаңа әлем - білім әлеміне қадам бастыңдар. Бұл мүлдем басқа әлем. Меніңше оны сіздер университеттің бірінші курсында сезіне бастайсыздар. Сіздер тереңдетілген білім алдыңыздар, енді ҰБТ-ны сәтті тапсыруларыңызға тілектеспін. Еліміздегі және шетелдегі үздік ЖОО-ларға оқуға түсіңіздер», - деді түлектерге қарата айтқан сөзінде Е.Сағадиев.
Министр бұл мектептің түлектері ерекше білім алғанын атап өтті, келешекте ұлы ғалым, ұлы жазушы, мықты инженер болуларын тіледі.
«Біз және мектебіміз сендерді мақтан ететін болайық!», - деп қосты Сағадиев.
Салтанатты шараға басшылық, түлектер, бірінші сынып оқушылары қатысты.
ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес биыл ҚР-да 9 сыныпта - 244 210 түлек, 11 сыныпта - 127 411 , олардың ішінде «Алтын белгі» үміткерлері - 4 832.