Е.Сұлтанов Петропавлдағы аулаларды абаттандыру жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары барысында қаланың аулаларын абаттандыру жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Мир көшесi 154 мекен жайындағы үйдiң ауласында бюджет қаражатынан аумаққа асфальт төселген. Бұл мемлекеттiк бағдарламаларға белсендi қатысып жүрген тұрғындар үшiн ерекше сый болды. 2013 жылы 9 қабатты үйдiң шатыры тұрғындардың өз қаражатына жөнделген едi. Өткен жылы «ТҮКШ жаңғырту» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша барлық үйлердiң лифтiлерi ауыстырылған.

«Қолымыздан келгенiң өз күшiмiзбен жасауға тырысамыз. Осы жылы асфальт төсеп бергендерiңiзге қуаныштымыз. Үлкен рақмет! Осы сәттi асыға күттiк», - дедi үй тұрғыны Светлана Полоницкая.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов өз тұрғындарына алаңдайтын ПИК-ке жергiлiктi билiк қолдау көрсететiнiн айтып өттi. Осы үйде жақында ғана жылу энергиясын есептейтiн құрал орнатылды. Облыс әкiмi тұрғындардың болжамды көрегендiлiгi мақтауға тұрарлық екенiн айтты.

«Егер шатырды, үйдi жылылап, жылу торабын жөндейтiн болсақ қаражатты 40 пайызға үнемдеуге болады. Осы жұмыстарды жүргiзетiн болсақ, қаланың гидравликалық режiмiн теңгере аламыз», - деп атап өттi Ерiк Хамзаұлы.

Өңiр басшысы Интернационал көшесiндегi 18-20 үйлердiң жөндеу жұмысының сапасына көңiлi толатынын жеткiздi. 2014 жылы «ТҮКШ жаңғырту» бағдарламасының аясында жөндеу жұмысы жүргiзiлген болатын. Тұрғындардың ендiгi жоспары - балаларға арналған ойын алаңын жасау.

Ал Сүтiшев көшесi 43 мекен жайындағы үйдiң ауласына асфальт төсеу жұмысын «KAZ FORTIS» ЖШС қызметкерлерi жүргiзген. Ерiк Сұлтанов жұмыс қорытындысымен танысып, мердiгерге канализация люгiн асфальт деңгейiне дейiн көтерудi тапсырды. Өз кезегiнде қызметкерлер кемшiлiктердi жақын арада жоятынын жеткiздi.

«Ауа райына байланысты қиындықтар туындады. Негiзiнен барлығы қалыпты деңгейде өттi, 1,5 апта бойы жұмыс iстедiк. Бұған барлығы 15 адам және 8 техника қамтылды. Жұмыс барысында сапаға мән беремiз. Жылдамдықты да ескеремiз. Жақын арада люктi дұрыстап, кемшiлiктердi жою жұмыстарымен айналысамыз», - дедi «KAZ FORTIS» ЖШС жол жөндеу шеберi Эдуард Шантер.

Үй тұрғындары облыс әкiмi Ерiк Сұлтановқа көрсетiлген қолдау үшiн алғыстарын бiлдiрдi. Сонымен қатар жоспарларымен бөлiстi. Осы жазда петропавлдықтар жылу есептеуiштер орнатып, қасбеттi жаңартады.

Айта кету керек, осы жылы бюджет қаражатынан Петропавл қаласындағы 46 үйдiң аула аумағы жөнделдi. Тағы осынша үй ауласын 2016 жылдың соңына дейiн асфальттау жоспарланған. Бұл жұмыстарға 146 миллион теңге бөлiнген.

 

Соңғы жаңалықтар