Е. Сыдықов: «Нұр Отан» доктринасындағы басты құндылық - отбасы

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, «Нұр Отан» партиясы доктринасын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ерлан Сыдықовтың пайымдауынша, доктринадағы басты көзделген мақсат «кез келген мемлекеттің, қоғамның негізі, болашағы - отбасыда» деген тұжырым.
None
None

«Нұр Отан» ХДП ХҮ съезінің ерекшелігі - өте маңызды құжат қабылдануында. Ол - партияның доктринасы. Доктрина бірнеше айлар бойы жұмыс тобымен талқыланып, үлкен-үлкен өзгерістер енгізілді. Және де жалпыпартиялық алаңда талқыдан өтті. Сол жұмыс тобының мүшесі ретінде доктринаның ертеңгі съезде толықтай қабылданатынына сенімдімін. Өйткені бұл доктринаның ерекшелігі сол - Елбасының Қазақстан мемлекетінің алдына, қоғам алдына қойып отырған 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын саяси тұрғыдан қолдау. Міне, осы тұрғыда партияның негізгі міндеттері, негізгі мақсаты және құндылықтары осы доктринаның ішіне еніп отыр. Доктринадағы басты көзделген мақсат «кез келген мемлекеттің, қоғамның негізі, болашағы - отбасыда» деген тұжырым», - деп атап өтті ол.

Е. Сыдықовтың айтуынша, өмірдегі ең негізгі құндылықтар отбасында қалыптасады. Сондықтан да отбасыға, береке-бірлікке, халықаралық достыққа, Қазақстандағы көпұлтты елдің тату-тәтті өмір сүруіне баса назар аударылады. «Елбасы айтқандай, кез келген биікті бағындыру үшін, кез келген мақсатқа жету үшін береке-бірлік керек. Міне, доктрина соның кепілі бола алады деп есептеймін», - дейді ЕҰУ ректоры.

Е. Сыдықовтың мәліметінше, докрина халыққа жақын болуы үшін 1-2 ай бұрын ғаламтор желісіне қойылып, әрбір азаматтың назарына ұсынылды. БАҚ арқылы талқыланып, қазақстандықтардың пікірлері мен ұсыныстары жиналды. Солардың ұтымдылары доктрина жобасына енгізіліп, құжат жобасы әбден пісіп-жетілдірілген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар