Е.Ыдырысов: Астанадағы кездесу сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған халықаралық iс-қимылдарға қайшы келмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық оппозицияның Астанадағы кездесуiн ҚР СІМ халықаралық іс-қимылға, соның ішінде ең алдымен Женева процесiне қолдау таныту деп қарастырды. Бұл туралы бүгiн Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.
None
None

«Бiздiң әрекетіміз - ашық, транспаренттi, әдiл. Бiздiң кездесуіміз сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған халықаралық iс-қимылдарға қайшы келмейді. Бiздiң кездесу ең алдымен, Женева процесiне сай келетiн халықаралық ынтымақтастыққа қолдау көрсетуге бағытталған», - дедi министр.

Еске салайық, 25-27 мамыр күндерi Астанада сириялық оппозицияның түрлi топтары дағдарысты бейбiт жолмен шешу бойынша келiссөздер жүргiздi. Оның қорытындысында саяси шешiмдер бойынша Астана декларациясы да қабылданды. Құжатта қатысушылардың басым бөлiгi Сириядан шетелдiк жауынгерлердi шығарып, лаңкестiкке қарсы бiрлескен майдан құру жөнiндегi ұсынысты қолдады.

Соңғы жаңалықтар