Е.Ыдырысов Еуропа Халық Партиясының вице-президенті М.Дэвидпен кездесті

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР СІМ ғимаратында сыртқысаяси ведомствасының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Еуропалық парламенттің депутаты, Еуропа Халық Партиясының вице-президенті Марио Дэвидпен кездесуі өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгімелесуші тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сауда-экономикалық, саяси ынтымақтастығы, ғылым, технология, инновация және энергетика саласындағы жаңартулар, сонымен қатар аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.

Е.Ыдырысов биылғы жылдың маусым айында Еуропалық Комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың Қазақстанға жасаған сапарының маңызды қорытындысы болып Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында кеңейтілген әріптестігі мен ынтымақтастықтың жаңартылған шартын дайындауды тездету туралы Келісіміне қол жеткізгендігі жөнінде хабарлады. ҚР СІМ басшысы алдағы келіссөздер үдерісін ілгерілетуге және келісімдерге қол қоюға Қазақстанның мүдделілігін атап айтты.

Әңгіме барысында қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуық үлесіне тиесілі Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ірі сауда-экономикалық әріптестігі туралы атап айтылды. ҚР-ЕО сыртқы сауда айналамы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында шамамен 26 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар