Е.Ыдырысов РФ СІМ басшысын ирандық ядролық бағдарлалар мәселелері бойынша келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте 3 сәуірде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Лозаннада ирандық ядролық бағдарламалардың өзекті мәселелері бойынша келіссөздердің маңызды кезеңінің табысты аяқталуына қатысты мәлімдеме жасады.
None
None

«Бұл біз үшін, атап айтқанда, Орталық Азия өңірі үшін жақсы жаңалық деп ойлаймын. Біз бұл келіссөздердің қорытындыларын толығымен қолдаймыз және барлық қатысушыларына келісілген мерзімде - осы жылғы жазда жұмыстардың жемісті және нәтижелі аяқталуына тілектеспіз», - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Е.Ыдырысов келіссөздердегі ресейлік сыртқы саясат ведомствосы басшысының рөлін атап өтті.

«Ресей делегациясының ілкімділігінің арқасында көптеген түйіндер шешілді. Сергей Викторович Лавровқа оның осы жұмыстағы үлкен үлесіне жеке алғыс айтып, ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің осы маңызды саяси кезеңінің табысты аяқталуымен құттықтаймын», деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Еске сала кетейік, халықаралық араағайындар (Ресей, АҚШ, Германия. Ұлыбритания, Франция және Қытай) және Иран Лозаннадағы келіссөздер барысында ирандық ядролық бағдарламаның өзекті мәселелері бойынша саяси келісімдерге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар