Е. Ыдырысов және Италия Қорғаныс министрі Дж.Ди Паола аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов біздің елімізге ресми сапармен келген Италия Республикасының Қорғаныс министрі Джампаола Ди Паоламен кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың бірқатар мәселелері жөнінде пікір алмасты, атап айтқанда қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөнінде сөз болды. Сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселесі, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайдың өрбуі талқыға салынды.

Соңғы жаңалықтар