ЕАДБ Қазақстандағы су тасқынының зардабын жоюға 1 млн доллар бөлді

АСТАНА. KAZINFORM – Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқынының салдарын жоюға қаржылай көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлайды.

банк
Фото: 7kun.kz

«Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету үшін 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жібердік», - деді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Сонымен қатар ЕАДБ жыл сайынғы жиналыс пен бизнес-форумды 2024 жылы имидждік оқиғаларды қоспағанда, қысқартылған форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар