ЕАЭО алдағы уақытта БҰҰ бақылаушысы мәртебесін алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ БҰҰ-ның алдағы сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылаушысы мәртебесін алуы тиіс. Бұл туралы бүгін «Еуразиялық экономикалық интеграция» халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссиясының өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский хабарлады, деп жазады БЕЛТА.
None
None

Сондай-ақ ЕАЭО Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі ұйыммен (ЮНИДО) жұмыс істеп отыр. «Олармен өткен жылы маңызды меморандумға қол қойдық. Қазіргі кезде бұл ұйым бізге өнеркәсіп кәсіпорындарымызды, құрылымдарымызды экономикалық дамудың одан да жоғары, жаңа деңгейіне шығаратын, ЕО елдерімен ғана емес, жалпы алғанда БҰҰ-ның қатысушыларымен ынтымақтастық құратын келісім орнатуды ұсынды», - деп түсіндірді Сергей Сидорский.

«Еуропалық серіктестер ЕАЭО-мен мұқият жұмыс істеуде. Комиссияда өткізіп жүрген соңғы сессиялардың қорытындылары бойынша бізді үкімет басшылары қолдағаны, біз Еуропалық одаққа бірлескен жұмыс жөнінде ұсыныс жасағанымызды айтса да жеткілікті. Және бізге Еуропалық комиссияның қазіргі кезде бұл құжатты мұқият талқылап отырғаны белгілі болып отыр», - деп жалғастырды ол.

Сондай-ақ Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды. «Біздің вьетнамдық серіктестеріміз ЕАЭО-мен еркін сауда аймағындағы өз міндеттемелерін барлығы растап шықты. Бұл біздің саудамыздың өте маңызды аспектісі», - деп атап өтті ЕЭК-ның министрі.

Соңғы жаңалықтар