ЕАЭО аумағында темекі қорабына жаңа «қорқынышты» суреттер салу жөніндегі шешімі күшіне енеді

Еуразия экономикалық одағының сайтында жарияланған бұрынғы жиынтықтың ішінен көрнекілігі мен тура суреттеуі жағынан әсері күшті болғандықтан, тек белсіздікті бейнелейтін сурет қана қалдырылып отыр.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдегі темекі өнімдерін импорттаушылар мен өндірушілер суреттердің жаңа жиынтығын 2017 жылдың 15 қарашасына дейін жариялауы тиіс.
Бүкіл Еуразия экономикалық одағы аумағында жаңа қорқынышты суреттерді бекіту қазақстандық тәжірибені белсенді ілгерілетудің арқасында мүмкін болып отыр. Аталған бастаманы осы мәселеге бей-жай қарамайтын мәжіліс депутаттары (Гүлмира Исимбаева, Гүлнар Сейтмағамбетова, Нұртай Сәбилянов), денсаулық сақтау министрлігі (Елжан Біртанов, Жақсылық Досқалиев, Салидат Қайырбекова, Ерік Байжүнісов, Ажар Төлеғалиева, Айгүл Тастанова, Жамиля Баттақова) және «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы 2010 жылы көтерген болатын.
Қазақстан ТМД аумағында темекінің зиянын көрсететін қорқынышты суреттерге бастама берген тұңғыш мемлекет ретінде «Темекі өнімі» техникалық регламенті арқылы ЕАЭО елдерінде бастаманы ілгерілете бастады. Бұл өз кезегінде темекіні өндіретін компаниялардың және «Атамекен» ҰКП-ның көңілдерінен шықпағаны түсінікті. Олар «бастаманы ендіру қымбат, суреттердің сапасы нашар және бұл авторлық құқықтарды бұзу болып табылады» деген желеулерді айтты.
Қазақстандық тәжірибені одаққа мүше бес елдің аумағында кеңейту мүмкін емес деп сендіргісі келді.
Бастаманы дайындау және талқылауға кеткен 6 жыл ішінде күтпеген тұлғалар, оның ішінде ҚР Әділет вице-министріне шейін оған қарсы өз наразылықтарын білдіргені рас. Сөз орайында айта кетелік, 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны Еуропадағы ең үздік бастама деп таныды.
Қазақстан тәжірибесін аяқтан шалу үшін өтірік айту, жала жабу, темекіге қарсы бастаманы көтерген көшбасшылардың беделін түсіру секілді темекі лоббистерінің әдеткі айла-шарғылары қолданылды.
Осыған қарамастан, алты жылға созылған теке-тірестің нәтижесінде бес елдің денсаулық сақтау министрліктері темекіге қарсы қозғалысты жүзеге асыру үшін күш біріктіріп, темекінің зиянын бейнелейтін жаңа суреттерді бекітуге қол жеткізді.