ЕАЭО аясында 2016 жылдан бастап дәрілік заттардың ортақ нарығы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік заттардың ортақ нарығы құрылады.
None
None

Дәрілік заттардың әлеуметтік маңызы бар екенін ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттер қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды қамтамасыз етуді көздейтін келісімге қол қойған болатын. Оған сәйкес, бірқатар ережелер мен қағидаттар бекітілген. Біріншіден, Одақ шеңберінде айналымға арналған дәрілік заттар сапасына қойылатын бірыңғай талаптар қарастырылады. Екіншіден, дәрілік заттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтары зертханалық және клиникалық талаптарға сәйкес жүргізілетін болады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тіркеу және сараптау кезінде әсер етуші заттардың сапалық құрамы болатын әртүрлі заттарды бір сауда атауымен белгілеуге тыйым салынатын болады.

Бұдан бөлек, заңға сәйкес дәрілік заттарды өндіру стандарттары да қамтылып отыр. Келісім осы саладағы бірыңғай ақпараттық жүйені құруды, фармацевтикалық бақылаудың бірыңғай қағидаларын енгізуді көздейді. Ал Одақ аясында осы уақытқа дейін тіркелген дәрілік заттар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ортақ талаптарға сәйкестендірілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар