ЕАЭО аясындағы кедендік өткізулерде қазақстандық тауарлар үшін «жасыл дәліз» қолданылады

Оның айтуынша, кедендік декларациялар мен кедендік операцияларды жеңілдету мақсатында ағымдағы жылы тауарларды шекарадан өткізу мен саудалауға дейінгі бақылау жүйесі енгізілген болатын. «Осы бақылау жүйесінің аясында «жасыл дәліз» тәсілі де қолданылады. Бұл дегеніңіз қазақстандық компаниялардың тауарлары үшін кедендік өткізу оңайлап, жеңілдей түседі деген сөз. Сонымен қатар одақ аясындағы мемлекеттердің инвестор-компаниялары үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жеңілдетілген кедендік рәсімдеулер жасалады», - деді Д.Мамашева. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта әлеуетті кәсіпкерлерді ынталандыру жұмыстары жүзеге асуда. Бұл өкілетті экономикалық оператор институты арқылы жүзеге асады және аталмыш институтқа қатысты талаптар да күшейіп отыр. Еске сала кетейік, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында сарапшы мамандар мен бизнес өкілдерінің белсенді қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жобасы даярланған. Құжат қазіргі күні мемлекетішілік рәсімдеулер мен келісімдерден өтуде.