16:28, 05 Маусым 2023 | GMT +5
ЕАЭО азаматтарының кредит тарихына қатысты мәлімет алмасу: Тоқаев заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. қазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, 26 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.