ЕАЭО елдері дағдарысқа қарсы тұра алады - ресейлік сарапшы
«Биыл алғашқы бесжылдық кезеңнен бастап, тұңғыш рет ЖІӨ-нің шамамен 3 пайызға төмендеуі күтіліп отыр. Жағдай қаншалықты қиын көрінгенмен, Ресей де, онымен бірге экономикалық одаққа кіретін елдер де ешқандай ауыртпашылықтарға ұрынбайтына сенімдімін. Керісінше, менің пікірімше, оларда қазіргі әлемдік дағдарысқа қарсы тұра алатын маңызды саяси және экономикалық әлеуеті бар», - дейді ол.
Г. Чуфриннің айтуынша, бұл дағдарыстың себептері де түсінікті. Олар әлемдік нарықтағы құлдырап бара жатқан жалпы жағлай, мұнай мен шикізатқа бағаның түсуі және Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялық әреуеттері.
«ЕАЭО негізіне биылдың өзінде жүщеге аса бастайтын өте үлкен әлеуеттік мүмкіндіктер салынған. Олардың алғашқылары қызмет көрсету саласында, ал басқасы материалдық өндіріс саласында», - деп түсіндірді сарапшы.
Оның пікірінше, ЕАЭО жағдайында бізбен әріптестікке қызығушылық танытып отырған елдерден бөлектенбей, керісінше қоян-қолтық араласу өте тиімді болмақ.