ЕАЭО елдері ішінде Қазақстан жұмыспен қамту бойынша бірінші орында - ТМД статистикалық комитеті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - ЕАЭО елдері ішінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қазақстанда белгіленді. Армения мен Қырғызстанда
None
None

Қазақстан мен Беларуське қарағанда жұмыссыздар көбірек. Бұл деректерді бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекетаралық статистикалық комитеті берді. Ресми деректерге сүйенсек, ЕАЭО елдерінің ішінде Қазақстанда жұмыссыздар саны ең төменгі деңгейде - 56,01 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 0,6 пайызы; одан кейін Беларусь - 39 мың жұмыссыз немесе 0,9 пайыз; Ресейде 1,3 пайыз, яғни жұмыссыздар саны 1 млн. адамды құрайды.

Қырғызстанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 59,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрайды, Арменияда 73 мың жұмыссыз тіркелген.

Соңғы жаңалықтар