ЕАЭО елдері ішкі экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі ұлттық «бірыңғай терезенің» дамуын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО елдерінде «бірыңғай терезенің»ұлттық механизмдері дамуының жай-күйін бағалау жұмыстары жүргізілуде.
None
None

Еуразия экономикалық комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеуде 7 шілде күні ЕЭК кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа мүшесі (Министр) Мұқай Қадырқұлов ЕАЭО мүше елдерінің ішкі экономикалық қызметін реттеу жүйесіндегі ұлттық «бірыңғай терезе» механизмдері дамуының негізгі бағыттары қарастырылған шара жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын Үйлестіру кеңесінің екінші отырысын өткізді.

 Үйлестіру кеңесінің мүшелері ұлттық «бірыңғай терезе» дамуында Одаққа мүше мемлекеттерге бағдар ретінде қызмет ететін «бірыңғай терезе» үлгісін жасау тұжырымдамасын талқылады. Қарастырылған негізгі мәселелердің бірі Одаққа мүше мемлекеттерде ішкі экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен жинақтардың сараптама қорытындысы болды. Тараптар ІЭҚ қатысушылары мен мемлекеттік органдардың өзара электронды қатынасқа көшу үшін жағдай жасауға бағытталған қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге кешенді аудит жүргізді. Сондай-ақ, тауарларды импорттау, экспорттау және транзиттеуге байланысты ІЭҚсаласындағы негізгі бизнес-процестер, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қолданатын ақпараттық-техникалық жүйелер мен бағдарламаларға сараптама жүргізілді.

Отырысқа Еуразия экономикалық комиссиясындағы және  ішкі экономикалық қызметтегі «бірыңғай терезе» механизмін дамыту жобасының жүзеге асуына жауапты Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар