ЕАЭО елдері зейнетақы экспорты жөніндегі келісім жобасын қарастыруда - С.Жақыпова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері зейнетақыны экспорттау туралы келісімді қарастыруда. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр Светлана Жақыпова мәлім етті.
None
None

«Әзірге Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресеймен және Беларусьпен зейнетақы келісіміне қол қойылған жоқ, алайда құжаттың жобасы сарапшылар деңгейінде талқыланып жатыр. Атап айтқанда, келісім аясында Ресейден Қазақстанға, керісінше Қазақстаннан Ресейге, сондай-ақ дәл солай Беларусьпен арада зейнетақы экспортын іске асыру қарастырылған. Бұл тұрғыда ресейлік және беларусьтік тараптар осы бағыттағы төлемдер ай сайын жасалуын алға тартуда»,- деді министрдің орынбасары. Оның сөзінше, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты тұрғылықты мемлекетке осы төлемдерді ай сайын экспорттау туралы бастаманы аталған екі елдің сарапшылары көтеруде. Мысалы, зейнеткер Ресейден Қазақстанға қоныс аударса, онда ресейлік Зейнетақы қоры оның жинаған сақтандырылған зейнетақысын аударып отыруға міндетті. Сонымен қатар вице-министр бұл келісім 2018 жылы күшіне енуі мүмкін екенін атап өтті. Қазіргі кезде құжаттың жобасын тараптар қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар