ЕАЭО елдерінен Қазақстанға қандай тауарлар келеді
Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда 18 518,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2% артты, деп хабарлайды Кazinform.

Аталған кезеңде Қазақстан 7 050,4 млн АҚШ долларына (20,5% көп) тауар экспорттады. Ал импорт 11 468,2 млн АҚШ долларына (7,9% аз) жасалды.
Еліміздің ЕАЭО елдерімен сауда-саттық үлесі:
- Ресей – 91,8%;
- Қырғызстанда – 4,7%;
- Беларуста – 3,3%;
- Армения – 0,2%.
Қазақстан ең көп экспорттайтын тауарлар: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар (28,2%), химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (23,7%).
Импорт құрылымы: мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (19,7%), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (19,2%).