ЕАЭО құрамындағы алғашқы жыл: нәтиже, болашаққа бағдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 30-дан астам елі Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық орнатуға мүдделі, деп хвбарладыwww.24.kz.
None
None

Себебі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іргесін қалаған ұйым экономиканың еңсесін тіктеуге өзіндік үлесін қосып, өз нәтижесін беруде. Бар-жоғы бір жылдың ішінде атқарылған іс шаш-етектен. Бүгінде нарығы 180 миллионнан астам адамға ұлғайған одақта Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения елдерінің кәсіпкерлері кәсіптен нәсіп табуда. Инвестиция тартудағы икемділік экспортты арттыруға өзіндік әсер беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Дегенмен дүниежүзілік дағдарыс экономикаға кері әсерін тигізбей қоймады. Бәсекелестіктің күшеюі, шекараның ашылуы одаққа мүше елдерге дағдарыстың әсерін толыққанды сездірмеуде. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев тұралап қалуға жол жоқ екенін айтты.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық 2014 жылғы 1 қаңтарда құрылып, жұмысын бастаған болатын. Фото: kursiv.kz

Соңғы жаңалықтар