ЕАЭО құтқарушылары өз қызметінің тағы бір осал тұсын анықтады
"Енді, қазіргі кезде біз су тасқындары мен өрт апаттарының алдын алу саласында өзара тәжірибе алмасып келеміз. Аталған оқиғаларды ғарыштан бақылау шаралары да қолға алынған. Сосын осы жолы біз жаңа тақырыпқа баса назар аударғанды жөн көрдік. Ол - жаңадан салынып жатқан көпқабатты нысандарда ірі өрт оқиғаларының алдын алу. Ондай оқиғалар Ресейде де, Қазақстан жерінде де болды. Біз Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін xалықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай ережелерін дайындауымыз қажет", - деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, Астанадағы отырысқа Ресей мен Беларусь тарапынан төтенше жағдайлар министрлері келді. Ал Қазақстан жағынан ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов тең төрағалық етуде. Себебі төтенше жағдайлар комитеті аталған министрліктің құрамына кіреді. Бірлескен мәжілістің басы xаттама бойынша ашылып, ары қарай жабық күйінде жалғасты.