ЕАЭО құжаттарын қатысушы елдердің мемлекеттік тілдеріне уақтылы аударуды қамтамасыз ету қажет - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Заңнама институы халықаралық заңнама және салыстырмалы құқықтану бөлімінің ғылыми қызметкері Марат Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық құжаттарын оған қатысушы елдердің мемлекеттік тілдеріне жедел аудару қажет деп санайды.
None
None

«ЕАЭО әзірленген және қабылданған құжаттардың мүше-мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне уақтылы және сауатты аудармасын қамтамасыз етуі қажет. Мәскеуліктер өздерінің шарттарын, келісімдерін және шешімдерін жолдаған кезде, құжаттың соңғы тармағына шарт немесе шешім орыс тілінде дайындалғанын ескертеді. Ол орыс тілімен қоса, қазақ, беларусь, армян, қырғыз тілінде болуы тиіс. Бұл біздің және басқа кез келген елдің егемендігінің белгісі (...). Мұны талап етуге міндеттіміз. Еуроодақта кез келген құжат сол сәтте барлық қактысушы елдердің тілдеріне аударылады. Бізде бес мүше-ел бар, соның өзінде проблема туындауда», - деді ол «Заң шығаруда іргелі және ғылыми қолданбалы зерттеу нәтижелерін пайдалану» ғылыми-практикалық конференциясында.

Сондай-ақ сарапшы біздің экономикалық және саяси мүдделеріміз зардап шекпеуі үшін интеграциялық келісімдерге сараптаманы мұқият жүргізуге шақырды.

Ол соңғы уақытта біздің елдердің сауда-экономикалық қатынастары баяулап қалғанын ескертті. Мұның барлығы ЕАЭО желісі бойынша пысықталмаған құжаттардың салдары болуы мүмкін", - деп қосты М. Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар