ЕАЭО қызметінің тиімділігі үшін тең мүдделі жолмен жүру қажет - Г. Қарағұсова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәскеу - Астана - Минск» бейнекөпір форматында өткен «Еуразиялық экономикалық одақ: 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін не өзгереді?» тақырыбындағы Еуразиялық экономикалық конгрессте үш елдің өкілдері ЕАЭО туралы шарттың күшіне енуіне байланысты өзекті мәселелерді талқылады.
None
None

Конгресс модераторы - ЕЭК интеграция мен макроэкономикасының негізгі бағыттары бойынша коллегиясының мүшесі (министр) Татьяна Валовая телекөпір спикерлерімен таныстырды. Қазақстан тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова , Беларусь тарапынан БР президенті жанындағы басқарманың халықаралық қатынастар академиясының бөлім меңгерушісі Сергей Кизим, Ресей Федерациясы тарапынан РФ сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкин қатысты.

Диалогқа, сондай-ақ, геосаяси қауіптер, кәсіпкерлік пен сауданың дамуы, экономикалық интеграция мәселелерімен айналысатын сарапшылар қатысты. РФ сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Дмитрий Курочкин мұндай форматтағы диалог жақын арада еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуі жөнінде кең ауқымда пікір бөлісуге жол ашуымен өзекті.

Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді сипаттай келе модератор Т. Валовая «биыл еуразиялық экономикалық интеграцияның 20 жылдығы аталып өтілетінін, 1994 жылы ММУ қабырғасында Қазақстан Президенті өз сөзінде еуразиялық экономикалық одақ бастамасын көтергенін» атап өтті.

Бұған Қазақстан қалай дайындалып жатқанын, ЕАЭО аясында еліміздің қаржы және экономикалық перспективалары туралы Гүлжан Қарағұсова баяндады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қазақстандық экономикаға бағытталған ресейлік бизнес инвестициялардың өсімі сынды маңызды факторларды атады, деп жазды «Казправда». 2013 жылы ғана ҚР-да ресейлік капиталдың қатысуымен 138 бірлескен кәсіпорын құрылды. Интеграциялық одақты нығайтуға бағытталған қазақстандық тараптың ұсыныстарының ішінде ЕАЭО-ның экономикалық және қаржы қызметінің тиімділігі үшін түрлі салалардағы бір байланысты тауып, ортақ механизмнің болуы жөнінде де сөз қозғалды.

ЕЭК министрі ЕАЭО-ның экономикалық және қаржы саласындағы маңызды шешімдер қабылдағанда жан-жақты саралап, мұқият ойлану керектігін айтты.

- Мәселен, бірыңғай валюта құру туралы бастаманы талқылауға әлі ерте. Өйткені бұл үшін тиісті алғышарттар жасалмады, олардың бастысы - бірыңғай экономикалық кеңістік, - деп атап өтті Т. Валовая.

Соңғы жаңалықтар