11:14, 26 Тамыз 2016 | GMT +5
ЕАЭО мүгедектерге арналған автокөлік жабдықтау талаптарын жеңілдетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық Одақ елдерінің аумағында мүгедектерге арналған автокөлік жабдықтауына қойылатын талаптарды жеңілдететін «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі жайлы» техникалық регламентке енгізілген өзгерістер күшіне енді.

«2011 жылы қабылданған техникалық регламентке сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған барлық көлік құралдарында автоматты трансмиссия, бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі және бейімделген басқару құралдары болуы тиіс еді", - делінген ЕАЭО сайтындағы хабарламада.
Бұғаттау және арнайы басқару жүйесі тек ЕАЭО аумағында айналымға шығатын көліктерге ғана міндеттеледі, ал автоматты трансмиссия талабы мүлдем жойылады.
Сонымен бірге, әдеттегі көлігі бар мүгедектердің қажеттілігіне қарай қайта жабдықтау талаптары да оңай бола түсті. Бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі арнайы көліктің міндетті жүйелері тізімінен шығарылды.