ЕАЭО-ның келесі отырысы Шымкентте өтеді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — 2026 жылдың наурызында Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл – халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, өңірдің беделін арттыра түсетін маңызды оқиға.

ЕАЭО жалпы ішкі өнімі 10 жылда 2,5 триллион доллардан асты
Фото: Ақорда

Шымкент Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, Қазақстан келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық етеді. Бұл – зор жауапкершілік. Сондықтан, ел үкіметі ұйымды жаңа деңгейге көтеру үшін барлық қажетті қадамдарды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде алдағы міндеттерді айқын баяндап, серіктес елдерді 2026 жылдың 26-27 наурызы күндері Шымкентке шақырды.

- Келесі жылы бес елдің премьер-министрлері Шымкентте бас қосып, өзара ынтымақтастық пен болашаққа бағытталған маңызды мәселелерді талқылайды. Бұл — тек ресми кездесу ғана емес, өңіріміздің дамуына, халықаралық қарым-қатынасымыздың нығаюына жаңа серпін бермек. 

Сонымен қоса, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер талқыланатын дәстүрлі Digital Forum да Шымкентте өтеді. Бұл форум – жаңа идеялардың, жаңа мүмкіндіктердің, жаңа бастауы, ел дамуының, өңір ынтымақтастығының және технологиялық жаңғырудың тағы бір жарқын беті болмақ, - деп жазды ӨКҚ.

Айта кетейік, ЕАЭО жүк тасымалын қадағалау жүйесін енгізеді.

Соңғы жаңалықтар