ЕАЭО-ны дамыту туралы құжат Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынылмақ

Осы қаралған мәселелер туралы брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ресми өкілі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарып барды.
Ресми өкіл Комиссияға 10 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралай отырып, ЕАЭО-ның қызметі туралы баяндама дайындау және Мемлекеттердің басшыларына ұсыну тапсырылғанын айтты.
Осыған дейін тап осындай бастаманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ны одан ары дамыту туралы декларация жобасына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
«Құжат ынтымақтастық аясындағы жұмыстардың алдағы уақыттағы басымдықтарын анықтайды. Оның ішінде тауарлар және ресурстармен қамтамасыз ету, технологиялық даму, ортақ көлік-логистикалық кеңістікті қалыптастыру, ортақ қаржы нарығын қалыптастыру сияқты өзге де бағыттар бар»,-деді И.Малкина.
Ол сондай-ақ осыған дейін Одақ аясындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын ұзақмерзімді жоспарлауға қатысты жаңа құжаттарды дайындауға кірісу туралы бастамамен ЕАЭО-ға мүше елдердің башыларына Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ төрағасы, Ресей Президенті Владимир Путин үндеу жолдағанын еске салды.
ЕЭК-ның ресми өкілі құжаттың жобасы алғаш рет 24-тамыз күні Ереванда өткен Халықаралық құқық кеңесінің мәжілісінде ұсынылғанын атап өтті. ЕЭК Кеңесінің мәжілісінде мемлекеттер өз пікірлерін білдірді.
«Комиссия ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірге, шұғыл түрде құжатты жетілдіруге кірісті. Желтоқсанда оны Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесіне ұсыну көзделіп отыр»,-деді И.Малкина.
Нарынбек Ысмағұлов