ЕАЭО-ны құру ішкі нарық сыйымдылығын кеңейте түседі - А.Бижанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақты құру ішкі нарық сыйымдылығын кеңейте түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов айтты.
None
None

«Бірінші кезекте ЕАЭО-ны құру ішкі нарық сыйымдылығын айтарлықтай арттыра түседі. «Үштік» елдерінің ортақ нарығының көлемі 2,5 трлн. доллардан, адами ресурсы 168 млн. адамнан астамды, жалпы өндірістік әлеуеті 600 млрд. долларды құрайды»,- деді ол.

А.Бижановтың атап өтуінше, ішкі экономикалық шектеулерді алып тастау, бірыңғай тарифтік саясат енгізу сынды басқа да тиімділіктердің жиынтығы арқылы отандық өндірушілердің сату нарығы кеңейе түседі.

«Бұл тұрғыда барлық үш елдің бизнес ортасы мемлекеттік сатып алу жүйесіне тең қолжетімділікке ие болады. Бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтер жеткізудегі зор нарыққа жол ашады. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде ғана Ресей мен Беларусьтың мемлекеттік сатып алу нарығы 198 млрд. долларды құраған болатын», - деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар