ЕАЭО-ның үйлестірілген көлік саясатының негізгі бағыттары қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттарын қабылдады, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары бірыңғай көлік кеңістігі мен жалпы нарықта көлік қызметтерін кезең-кезеңмен қалыптастыру жолымен жаңа ынтымақтастық деңгейін қарастырады.

Дамудың негізгі бағыттары көлік стратегияларының түйіндесуі мен заңнамаларды сәйкестендіруге негізделген мүше-мемлекеттер арасында көлік тасымалдауды дамытуға бірыңғай бастау мүмкіндігін белгілеумен қатар, көлік қызметтерінің теңдік және паритетті қызметтер көрсетуіне бағытталған.

Автомобиль көлігінде - 2025 жылдан бастап автомобильмен тасымалдау қызметтерін ырықтандыру, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, көлік әлеуетін тиімді пайдалану және автомобильмен тасымалдау сапасын арттыру.

Әуе көлігінде - әділ және әділетті бәсекелестікті қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе хабарламаларды кеңейту.

Су көлігінде - кадрларды дайындау бағдарламасын сәйкестендіру, ішкі су жолымен кемелердің өту тәртібін жетілдіру, мүше-мемлекеттердің порттарында (үшінші мемлекеттерден кіру/шығу) тасымалдауды ұйымдастыру процедураларын жеңілдету.

Теміржол көлігінде - қағазсыз технологияларды енгізу және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, икемді тариф саясатын жүргізу, шапшаң және өте шапшаң жолаушылар қатынасын дамыту мен құру бойынша келісілген мәселелерді қабылдау мен әзірлеу.

Сондай-ақ, көлік саласында ұзақ және қысқа мерзімді ұлттық стратегияларды дамытуды іске асыру мен әзірлеу кезінде Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты есепке алынатын болады және мүше-мемлекеттер 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тасымалдауды іске асыруда қолданыстағы шектеулерді алып тастау шараларын қабылдайды.

Аталмыш Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттеріне тығыз интеграциялау формасы, бизнеске және жалпы нарықтағы көлік құралдарына тең қолжетімді мүмкіндік беретін болады.

Соңғы жаңалықтар