ЕАЭО шартын ратификациялау жұмыстары қыркүйекте басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ шартын ратификациялау жұмыстары қыркүйекте басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асан Қожақов мәлім етті.
None
None

«Таяу 6 айдың ішінде біздерге шартты қайта өңдеп, оның әлеуетін ашу бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Бізге шартты ҚР Парламентіне енгізу қажет. Яғни, ратификациялау үдерісі басталады. Меніңше, бұл үдеріс қыркүйекте басталып, 2-3 айға созылады. Өздеріңіз білетіндей, ЕАЭО шарты 1000 беттен 28 бөлімнен, 118 баптан және бұл құжаттың ажырамас бөлігі саналатын 33 қосымшадан тұрады», - деді ол.

А.Қожақовтың атап өтуінше, Сыртқы істер министрлігі өкілдері Парламентте қатаң әңгіме болатындығын, шарттың барлық бөлімдері мен баптары барынша тыңғылықты талқыланатындығын түсінеді.

«Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары жұмылдырылады. Мәжілісмендер мен сенаторлар Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қазақстандық қоғам болып саналады. Олардың қатарында көптеген саясаткерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, бизнестің тәжірибесі мол бұрынғы өкілдері бар», - деді СІМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар