ЕАЭО шартына қол қойған Қазақстан көпвекторлы саясаттан бас тартады деген сөз емес - мәжілісмен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО шартына қол қойған Қазақстан көпвекторлы саясаттан бас тартады деген сөз емес. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
None
None

«Мен көпвекторлы саясат, Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жөніндегі көзқарасы сол қалпында қалатындығын атап өткім келеді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғанымыз көпвекторлы саясаттан бас тартады деген сөз емес», - деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, сауда-саттық айналымы 50 млрд. доллардан асатын Еуроодақ елдері арасындағы қарым-қатынастар одан әрі тереңдетіле беретін болады. Сонымен қатар шығыс мемлекеттерімен, оның ішінде Қытай елімен арадағы байланыстар басты назарда болады.

Соңғы жаңалықтар