ЕАЭО сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын бірыңғай біріздендіру жүйесін құрады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осындай жүйе әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру орынды деп таныды, деп хабарлады БЕЛТА ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЕСИТС - одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мақсаты үшін ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде жеткізу тізбегінде бизнес-үрдістерді қамтамасыз ететін электрондық құжат айналымы инфрақұрылымын қалыптастырудың міндетті жағдайларының бірі.
Одақтың бірыңғай кедендік аумағында ЕСИТС құру мүдделі тұлғаларды (оның ішінде одаққа кірмейтін мемлекеттерден) бірегей біріздендіруді қамтамасыз етуге тек бір ғана мемлекет аясында ғана емес, сонымен бірге оған Одақ аясында да мүмкіндік береді, тұтастай, алгоритмдерді оңтайландыруға, барлық жеткізу тізбегін талдау мүмкіндігін құру есебінен тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін арттыруға, кедендік мақсаттарда пайдаланылатын құжаттар нысанын, олардың электрондық көшірмелерінің құрылымдары мен форматтарын жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы бар мәліметтердің дәйектілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл жүйе кедендік мақсатта пайдаланылатын құжаттардың электрондық түрде жинау, сақтау, өңдеу үшін қажетті деректер көлемін азайтады және одаққа мүше мемлекеттердің кедендік және өзге қызметтері арасындағы электрондық өзара іс-қимылды елеулі оңайлатады.
ЕЭК Кеңесі арнайы экономикалық шараларды біржақты тәртіпте мемлекеттердің бірі қолданған кезде ЕАЭО мүше мемлекеттерің өзара іс-әрекет тетігін өңдеу бойынша консультация өткізуді мақұлдады.
Бұдан басқа ЕЭК Кеңесі мәселелер тізбесін бекітті, ол арқылы ЕЭК Алқасы ЕАЭО кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі Консультативтік комитет аясында кеңес өткізеді. Бұл ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін дамыту және пайдалану үшін бірінші кезекті мәні бар мәселе, ол одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауға бар тәсілдерді өзгертеді, сондай-ақ өткізу пункттерінде бақылаушы органдардың өзара іс-әрекетін дамыту мен жетілдірудің стратегиялық міндеттерін айқындайды.
ЕЭК Кеңесінің отырысы Мәскеуде 15 шілдеде өтті. Оған Беларусь премьер-министрінің орынбасары Василий Матюшевский, Армения вице-премьері, халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрі Ваче Габриелян, Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан вице-премьері Валерий Диль, Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері (министрлері) қатысты.