ЕАЭО жалпы ішкі өнімі 10 жылда 2,5 триллион доллардан асты

АСТАНА.KAZINFORM — Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері ЖІӨ 18 пайызға өсіп, 2,5 триллион доллардан асты. Бұл туралы Чолпон-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысында сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

ЕАЭО жалпы ішкі өнімі 10 жылда 2,5 триллион доллардан асты
Фото: Ақорда

Қырғызстан үкіметінің басшысы өнеркәсіп өндірісі 30 пайызға өскенін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі 25 пайызды құрағанын, Одақтағы өзара сауда 2 еседен артық өскенін атап өтті.

— Қырғыз Республикасының ЖІӨ нақты мәнде 1,5 есеге, жан басына шаққандағы ЖІӨ екі есеге өсті. Осы уақыт ішінде біз ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемін екі есеге арттырдық. Елде өнеркәсіп өндірісі 55 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 23 пайызға өсті, деді ол.

Әділбек Қасымалиевтің айтуынша, тұрақты экономикалық өсу көрсеткіштері ЕАЭО елдеріндегі тексерілген және дұрыс жүргізілген мемлекеттік экономикалық және ақша-несие саясатының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар экономиканың барлық салаларындағы серпінді дамып келе жатқан сауда-экономикалық және кооперативтік ынтымақтастық болып саналады.

— ЕАЭО органдары деңгейінде дер кезінде қабылданған шаралар қосымша оң нәтиже берді. Өнеркәсіптік кооперация, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу, салалық кооперация және Одақтың дамуына әсер ететін басқа да салаларда бірқатар шешімдер дайындалып, қабылданды, — деп атап өтті Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандық брокерлер енді ЕАЭО биржасына қатысатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар