14:13, 18 Қараша 2011 | GMT +5
ЕАМФ-2011 форумында қазақстандық ұлттық компаниялардың көрмесі өтеді
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 6 еуропалық және азиялық медиафорумда бірқатар қазақстандық ұлттық компаниялардың көрмесі өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан-жаңалықтар» агенттігінде өткен Астана-Мәскеу бейнеконференциясы барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры Ерлан Байжанов мәлім етті.
6 еуропалық және азиялық медиафорум Астана қаласында 21-22 қараша күндері өткізіледі деп жоспарлануда.
«Біз бұрынғы кеңестік республикалардың делегацияларын қарсы алуға қуаныштымыз. Олар біздің еліміздің жарқын жетістіктерінің бірі болып табылатын - Қазақстан елордасын көруге үлкен қызғушылық танытатындықтарына сенімдімін», - Е. Байжанов.
Еуропалық және азиялық медиафорум тұңғыш рет 2006 жылы Ресейдің «Жаңалықтар» аймақтық ақпараттық агенттігімен ұйымдастырылған болатын. Шараның басты мақсаты - бұрынғы КСРО елдерінің журналистік қауымдастықтарын біріктіру.