Эбола сөзі Google желісінен іздеу кезінде екінші орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті безгекті ең күрделі, кең тараған және аса қауіпті вирус деп атады,www.khabar.kz.
None
None

Осы жылдың басында басталған қатерлі індет бірнеше ай бойы күллі әлемнің назарында. Бүгінге дейін қаза тапқандар саны 7600-ден асты. Ал індетке шалдыққандар 20 мыңға жуық. Бұл -Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері. Ажал құшқандар арасында жүздеген медицина қызметкерлері мен БҰҰ-ның мамандары да бар. Ал дерт шарпыған бірқатар елде онымен күрес көңіл көншітпейді. Жалпы вирустың жедел жайылуына Эбола кеңінен тараған елдердегі әлеуметтік мүшкіл жағдай себеп. Осыған қарамастан, халықаралық ұйым қызметкерлері мен жергілікті мамандар қауіпті індетпен күресті жалғастыруда.

Аталған вирустан, әсіресе, Либерия халқы қатты зардап шегіп отыр. Аурудан көз жұмғандардың дені - осы елдің тұрғындары. Айта кетейік, вирусқа қарсы жақында ғана жасалған британдық екпе АҚШ-та сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті.

«Індетті түбегейлі жеңгенше, біз сіздермен бірге боламыз. Біз Батыс Африка елдеріндегі денсаулық сақтау жүйесін күшейту туралы ойлануымыз керек. Мықты жүйе болғанда ғана жұқпалы вирусты ауруларға қарсы тұруға болады», - деді. БҰҰ бас хатшысы: Пан Ги Мун.

Сьерра-Леоне билігі Рождесто мен Жаңа жылды тойлауға тыйым салды. Мереке күндері бұл тыйымның орындалғанын әскерилер арнайы бақылайтын болады.

Соңғы жаңалықтар