21:53, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Эболаға індетіне қарамастан Олланд Гвинеяға бармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд алдағы аптада Эбола безгегінен зардап шеккен Батыс Африка елдерінің бірі Гвинеяға бармақ. Олланд пен Гвинея президенті Альфа Конденің кездесуі жұма күні өтеді, деп хабарлады ВВС.

Олланд аталған індет тарала бастаған уақыттан бері Батыс Африка еліне баратын бірінші президент болмақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 16 қарашадағы мәліметтері бойынша, Эбола безгегінен құрбан болғандардың саны 5 420 адамға жетті. Эболадан Гвинея, Либерия мен Сьерра Леон халқы көп зардап шекті.