EcoQolday: қалдық өңдейтін компаниялар утилизациялық төлем есебінен қаржыландырылады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде жаңадан қосылған EcoQolday автоматтандырылған жүйесі өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне жататын қалдықты жинау, тасымалдау және қайта өндейтін кәсіпорындарды қолдау мақсатында жұмыс істейтіні белгілі. Жаңа жүйе қалдықтарды басқару саласындағы бизнес-процестерді жеңілдетіп, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етпек.

қалдық
Фото: Midjourney

2024 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша EcoQolday ақпараттық жүйесіне кәсіпорындардан 69 өтініш түскен. Оның ішінде 27 кәсіпорын ереже талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған. Тексеру іс-шараларынан кейін оператор мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша үлгілік төлем шарттары жасалатынын атап өткен жөн.

Бұған дейін қалдықтарды өңдеу саласындағы жобаларға 200 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінде жалпы құны 48 989,5 млн теңге болатын 10 жоба дайын тұр. Ол қандай жобалар? Ерекшеліктері қандай? Ендеше, әрқайсысына тоқталып өтсек.

қалдық
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

– Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Oral Taza Service» ЖШС жобасына 216,5 млн теңге бөлінген. Жобалық өндірістік қуаты жылына 31,5 мың тонна. Материалдық-техникалық базаны реттеу мақсатында 5 қоқыс таситын машина сатып алынбақ. 5 адам жұмыспен қамтылады.

– Қостанай облысы Рудный қаласында «Рудный-Абат-2006» ЖШС жобасы 406,6 млн теңге қарастырылған. Жобаның қызметі - қалдықтарды сұрыптау және ұсақтау. Сұрыптау қуаттылығы жылына 50 мың тонна, ұсақтау кешені жылына 70 мың тонна. 40 жұмыс орны ашылады.

– Павлодар облысында жалпы сомасы 7 091,6 млн теңге 3 жоба тіркелген. Павлодар қаласында «Сұрыптау орталығы» ЖШС («Спецмашин» ЖШС еншілес кәсіпорны) жобасы (6 800 млн теңге), Екібастұз қаласында 2 жоба: «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС және «Полигон - ЭК» ЖШС (291,6 млн теңге).

«Сұрыптау орталығы» ЖШС жобаға сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және пластмасса өңдеуді жүзеге асырады. Сұрыптау қуаты – жылына 150 мың тонна, өңдеу қуаты - (ПЭТ, HDPE, LDPE) жылына 5 мың тонна. Жылына 3 мың тонна дайын өнім (түйіршіктер) алынады. Жоспарланған жұмыс орындарының саны – 150 адам.

«Екібастұзкоммунсервис» ЖШС қолға алған жоба құны 192 млн теңгеге тең. Жобаның қызметі – сатып алғаннан кейін экспортталатын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі жылына 17 752 мың тоннаны құрайтын материалдық-техникалық қайта жабдықтау (4 бірлік арнайы техника сатып алу). Жоспарланған жұмыс орындарының саны 8 адамнан асады.

«Полигон – ЭК» ЖШС жоба құны 99,6 млн теңгені құрайды. Жобаның қызметі – жылына 1314 тонна пластмасса өңдеу қуаттылығымен материалды-техникалық қайта жабдықтау (арнайы техниканың 3 бірлігін сатып алу). Жоспарланған жұмыс орындарының саны 15-тен асады.

– Алматы қаласындағы «Kz Recycling» ЖШС жобасы. Құны: 40 053 млн теңге.

Жобаның қызметі жобалық қуаттылығы жылына 150 000 тонна қағаз қалдықтарын қайта өңдеу зауытының құрылысы болып табылады. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 150-ден асады.

– Шымкент қаласындағы «Эко Шина» ЖШС жобасының құны 626,3 млн теңгеге тең. Әу баста «Эко Шина» ЖШС 2 инвестициялық жоба ұсынған болатын. Бірақ олар қаржылық есеп талаптарына сәйкес келмей, бір жобаға біріктірілген.

Бірінші жобаға 313,1 млн теңге қарастырылған. Жобалық қуаттылығы жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін, қосымша жабдықты сатып алуды қоса алғанда, тауарлық өнімдерді (қайта өңдеуге жарамды) өндірумен резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Шиналарды өңдеуді ұлғайту мақсатында үгінділер мен мазут пен көміртекті қара алу үшін жылына 10 мың тоннаға дейін (пайдаланылған резеңке шиналарды өңдеуге арналған жабдық желісін сатып алынбақ. Желінің негізгі құрамдас бөліктері: екі орамды ұсақтағыш, сым-резеңке сепаратор; Өндірістің болжамды көлемі: үгінді – 6 мың тонна/жыл, мазут – 2 мың тонна/жыл, көміртекті – 3 мың тонна/жыл. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 30-дан асады.

Екінші жобаға да 313,1 млн теңге бөлінген. Жобаның қызметі - қайта өңделген ресурстардан (шина қалдықтары) резеңке бұйымдарын өндіру және жобалық өндірістік қуаты 530 тонна/жыл (38 млн дана сақина) өңдеу болып табылады. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 50-ден асады.

– Түркістан облысы Түлкібас ауданында 103,4 млн теңге сомасына «Түркібасы» коммуналдық шаруашылық» ЖШС жобасы тіркелген. Жобалық қуаттылығы жылына 6800 тонна (3 арнайы техника, МАЗ базасында 2 бірлік, Газ базасында 1 бірлік) материалдық-техникалық жабдықтау болып табылады. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 27 адамнан асады.

– Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы «LS Kokshetau» ЖШС-нің жобасы 246,2 млн теңге тең. Жобаның қызметі – жобалық қуаттылығы жылына 12 мың тонна болатын кешенді материалдық-техникалық жарақтандыру (арнайы құрал-жабдықтар мен торлы контейнерлерді сатып алу: 2 арнайы техника, 600 торлы контейнерлер). Жоспарланған жұмыс орындарының саны 50-ден асады.

– Қостанай облысы Рудный қаласында «Еділ и Компания» ЖШС жобасы 115 млн теңгеге бағаланған. Жобаның қызметі – жобалық қуаттылығы жылына 543 тоннадан 8,3 мың тоннаға дейін (үйінді – 6 мың тонна/жыл, мазут – 2 мың) тауарлық өнімдерді (қайта өңдеуге жарамды) өндірумен жұмыс істеп тұрған резеңке бұйымдарын қайта өңдеу зауытын жаңғырту. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 15 адамнан асады.

қалдық
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жергілікті атқарушы органдарда 7 136,2 млн теңгеге 2 жоба қарастырылып, келесі Инвестициялық штабта таныстыру жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 883,6 млн теңге сомасына «Алди и К» ЖШС-нің жобасы тіркелген. Алғашында «Алди и К» ЖШС-нен 2 инвестициялық жоба жарияланған, бірақ олар қаржылық есеп талаптарына сәйкес келмей, бір жобаға біріктірілген.

Алғашқы жобаға сәйкес, материалдық-техникалық база жаңғыртылып (жабдықтарды сатып алу, сұрыптау желісін сатып алу, дәретхана қағазын өндіруге арналған жабдық және т.б., ПЭТ бөтелкелерді ыстық жууға арналған жабдық, пластмасса бұйымдарын өндіруге арналған жабдық), жобалық сұрыптау қуаттылығын жылына 50 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Жоспарланған өндірістік болжамдар:

- жылына 2400 тонна пластик өңдеу және 1300 тонна макулатураны қайта өңдеу;

- тәулігіне 3 тонна дәретхана қағазын өндіру;

- тәулігіне 5 тонна толтырғыш полиэстер алу.

Жоспарланған жұмыс орындарының саны 50-ден асады.

Екінші жоба материалдық-техникалық жарақтандыруды көздейді. Оған сәйкес, 8 қоқыс шығаратын көлік сатып алынбақ. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 20 адамнан асады.

Ақмола облысы Көкшетау қаласында «Эко-Дамп» ЖШС жобалық құны 6 252 млн теңгеге тең. Жобалық қызметі – қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, жобалық қуаттылығы жылына 150 мың тоннаны құрайды. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 50-ден асады.

қалдық
Фото: rila.org

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жалпы құны 54 570 млн теңге 4 жоба жіберілген. Олар:

1. Алматы облысындағы «ADC TAZA A'LEM» ЖШС-нің 24 352 млн теңгелік жобасы. Жобалық қызметі - 18 МВт/сағ электр энергиясын өндіретін ТҚҚ өңдейтін зауыт, жобалық сұрыптау қуаты 240 мың тонна/жылына техно-экопарк салу болып табылады. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 70-тен асады.

2. Астана қаласындағы құны 1 350 млн теңгені құрайтын «ЭКОМАФ» ЖШС жобасы. Жобаның қызметі – жобалық қуаттылығы жылына 200 тоннадан 3000 тоннаға дейінгі пластмасса өңдеуден өткен қайта өңделген пластиктен композиттік шағын архитектуралық пішіндер шығаратын зауыт (дайын өнім 10 мың тонна/жыл полимер құм композитінен дайын өнім). Жоспарланған жұмыс орындарының саны 30-дан асады.

3. Қызылорда облысындағы жалпы сомасы 28 867 млн теңгені құрайтын 2 жоба тіркелген. Атап айтсақ, Қызылорда қаласындағы «Seven Rivers Technologies» ЖШС жобасы (28812 млн теңге) және Қазалы ауданы, Әйтекі би кентіндегі «ЖАЛҒАСБЕК ДОСМҰҚАСАН» ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ» жеке кәсіпкерінің жобасы (55 771 млн теңге).

«Seven Rivers Technologies» ЖШС жобасының қызметі – қуаттылығы жылына 86 тонна шыны өңдеуге арналған Horn Glass Industries AG компаниясының еуропалық технологиясын пайдалана отырып, шыны ыдыстарды кәдеге жарату және өңдеу желісі бар шыны ыдыстарды өндіру зауытының құрылысы. Жоспарланған жұмыс орындарының саны – 280 адам.

4. «ЖАЛҒАСБЕК ДОСМҰҚАСАН ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ» ЖК жобасының мақсаты - Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна екінші реттік материалдық ресурстарды өндіру бойынша қалдықтарды сұрыптау кешенін ұйымдастыру. Жоспарланған жұмыс орындарының саны 12 адамнан асады.

Соңғы жаңалықтар